Бокс
1 тамыз 13:05

Қазақстандық боксшының АЧ-дегі айқасы бірінші раундта нокаутпен бітті

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Диана Серікбаева Бангкокте (Тайланд) өтіп жатқан 19 және 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның қарсыласы 48 келі салмақ дәрежесінде Оңтүстік Кореядан келген Ын Джи Ким болды.

Серікбаева бірінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Екінші нокдауннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, Диана техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бүгін 1 тамызда таңғы сессияда тағы бес боксшымыз рингке шығады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport