Бокс
3 наурыз 2018 12:42
 

Қазақстандық боксшыны Уайлдер - Ортис жекпе-жегінің андеркартынан алып тастады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшыны Уайлдер - Ортис жекпе-жегінің андеркартынан алып тастады Сурет: inboxing.kz

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Шыңғысхан Тәжібай (5-0, 2 КО) Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында бүгін өтетін бокс кешіне қатыспайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында BoxRec.com сайында қазақстандық боксшы андеркарт қатысуышысы ретінде көрсетілген болатын. Алты раундқа есептелген бұл жекпе-жекке қарсылас табылмаған. Қазіргі кезде оның есімі кешке қатысатын боксшылар тізімінде жоқ. 

Бұл Шыңғысхан Тәжібайдың алтыншы жекпе-жегі болуы керек еді. Боксшы алдыңғы бес жекпе-жекте жеңіске жеткен және екеуін мерзімінен бұрын аяқтаған. 

Бұл бокс кешінің басты оқиғасы аса ауыр салмақтағы WBC чемпионы Деонтей Уайлдер (39-0, 38 KO) мен кубалық Луис Ортистің (28-0, 24 KO) жұдырықтасуы болмақ.

Сонымен қатар, шоу аясында рингке қазақстандық Геннадий Головкиннің мендетті қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко (11-0, 9 КО) америкалық Дашон Джонсонмен (22-22-3, 7 KO) жұдырықтасады.

Сонымен қатар, Головкиннің бұрынғы қарсыласы америкалық кіші Вилли Монро (21-3-0, 6 КО) жұдырықтасады. 

blog.share
Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Шыңғысхан Тәжібай (5-0, 2 КО) Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында бүгін өтетін бокс кешіне қатыспайды, - деп хабарлайды 
vesti.
kz/">Vesti.
kz
.


Мұның алдында BoxRec.
com сайында қазақстандық боксшы андеркарт қатысуышысы ретінде көрсетілген болатын.
Алты раундқа есептелген бұл жекпе-жекке қарсылас табылмаған.
Қазіргі кезде оның есімі кешке қатысатын боксшылар тізімінде жоқ.
 

Бұл Шыңғысхан Тәжібайдың алтыншы жекпе-жегі болуы керек еді.
Боксшы алдыңғы бес жекпе-жекте жеңіске жеткен және екеуін мерзімінен бұрын аяқтаған.
 

Бұл бокс кешінің басты оқиғасы аса ауыр салмақтағы WBC чемпионы Деонтей Уайлдер (39-0, 38 KO) мен кубалық Луис Ортистің (28-0, 24 KO) жұдырықтасуы болмақ.


Сонымен қатар, шоу аясында рингке қазақстандық Геннадий Головкиннің мендетті қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко (11-0, 9 КО) америкалық Дашон Джонсонмен (22-22-3, 7 KO) жұдырықтасады.


Сонымен қатар, Головкиннің бұрынғы қарсыласы америкалық кіші Вилли Монро (21-3-0, 6 КО) жұдырықтасады.
 

Жарнама

Живи спортом!