Қазақстандық боксшылардың соңғы лицензия үшін айқастарына трансляция

©ҚБФ/Сали Сабиров

Бүгін, 28 мамыр Бангкокта (Таиланд) Париж Олимпиадасына соңғы іріктеу турнирінің кезекті жарыс күні өтеді, деп жазады Vesti.kz.

Рингке Қазақстан атынан екі боксшы шығады. Күндізгі сессияда 63,5 келіде өнер көрсететін Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 1/16 финалда түркиялық Мизан Айколмен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек шамамен 11:45-те басталады. 

Кешкі сессияда Ұлжан Сәрсенбек (54 келі) 1/16 финалда америкалық Шера Мэй Патрисиомен жекпе-жек өткізеді. Бұл айқастың басталуы 16:45.

Жекпе-жектерді Қазақстан бокс федерациясының Instagram аккаунтынан тікелей тамашалауға болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар