Бокс
19 шілде 2023 09:44

Қазақстандық боксшылардың допингпен шеттелуіне қатысты мән-жай айтылды

©olympic.kz

Қазақстан құрамасындағы екі боксшының допинг үшін шеттелуінің мән-жайы айтылды. "Хабар 24" мәліметінше, Азия чемпионытының қола жүлдегері Саматәлі Төлтаев анаболикалық стеройдқа жататын оралтуринабол, ал Серік Абзал метастерон үшін шеттелген.

"Командаға бас бапкер Мырзағали Айтжанов оралғанда, қандай "материалмен" жұмыс істейтінін түсінгісі келді. Сондықтан допинг тексеріс өткізуді сұрады, біз орындадық. Қорытынды екі адамның сынамасында тыйым салынған заттар барын көрсетті. Спортшылар кінәсін мойындап, салдарымен келісті. Сондықтан олардың жазасы бір жылға қысқарды да, енді олар спортқа үш жылдан кейін орала алады", - дейді Допингке қарсы ұлттық орталық директоры Майра Бақашева. 

Бұл мәселеге қатысты бокс федерациясының өкілдері де пікір білдірді.

"Бұл біліп тұрып істегендері деп ойламаймын, өйткені жігіттер - бірінші нөмірлер. Нәтиже көрсетіп жүрген, титулдары бар. Серік Абзал тіптен жас, болашағы зор. Оны келесі Олимпиадаға апарамыз деп жүргенбіз. Федерациядан берілетін фармокологиядан бөлек олар қосымша дәрумендер ішкен. Осы жерде қателік кетті деп ойлаймын, өйткені дәрумендер ішкенін өздері де мойындап отыр. Сертификаты мен лицензиясы жоқ биологиялық белсенді қоспаларды ішкенін айтып отыр", - дейді Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport