Бүгін, 12 наурызда Сербияның Нише қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты аясында рингке төрт қазақстандық боксшы шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін жекпе-жек өткізетіндер Карина Ибрагимова, Надежда Рябец, Назым Қызайбай және Наталья Богданова.
Жекпе-жектер кестесі:Күндізгі сессия, басталуы 18:00
48 кг (1/8 финал). Назым Қызайбай - Николь Дурикова (Словакия).
57 кг (1/8 финал). Карина Ибрагимова - Валерия Мендоса Арболеда (Колумбия).
75 кг (1/8 финал). Надежда Рябец - Амината Корома (Сьерра-Леоне).
Кешкі сессия, басталуы 22:00
70 кг (1/8 финала). Наталья Богданова - Дунья Мас Мартинес (Испания).