Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатындағы жүлдедерін нокаутпен жеңіп алды

©

Бокстан Қазақстан құрамасы Астанада өтіп жатқан 2023 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы жүлделерге ие болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші жүлдені Нығман Нығмет салды. 46 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшы ширек финалда БАӘ боксшысы Мохаммед Алькарбиді нокаутқа түсіріп, осы ойындарда кемі қолаға ілігіп отыр.

Сонымен қоса, жартылай финалға Алдияр Бахадүр де өтті. 48 келіде жұдырықтасатын Алдияр 1/4 кезеңде моңғолиялық Саранхур Тугулдурды мерзімінен бұрын жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар