Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында жалпы есепте алғашқы үштікте

©Видеодан кадр

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар финалдың екінші күнінен кейін бес алтын медальмен жалпы есепте бірінші және екінші орындарға жайғасты.

Турнир қорытындысы бойынша құрама сапында Томирис Мырзақұл (52 келіге дейін), Виктория Байдукова (54 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін), Бақыт Сейдіш (66 келіге дейін) және Камила Бажбенова (81 келіге дейін) алтын жүлдегер атанды.

Қазақстандық спортшылар жарыста бес салмақ дәрежесінде жеңіске жеткеннен кейін Үндістан командасымен жүлделер саны бойынша теңесті. Ал көрші өзбек командасының өкілдерінің тоғызы финалға шығып, тек үшеуі ғана алтыннан алқа тағынды.

Жастар арасындағы Азия чемпионатының финалдан кейінгі нәтижесі

1-2. Үндістан мен Қазақстан – 5-2.

3. Өзбекстан – 2-7.

4. Таиланд – 0-1.

Азия чемпионатының бірінші финалдары (қыздар)

48 келіге дейін.

48 келіге дейін. Сайдахон Рахмонов (Өзбекстан) - Ниведита Карки (Үндістан) - 2:3.

50 келіге дейін. Таманна (Үндістан) - Робияхон Бахтиерова (Өзбекстан) - 3:2.

52 келіге дейін. Томирис Мырзақұл (Қазақстан) - Мунаввар Фозилова (Өзбекстан) - 4:1.

54 келіге дейін. Виктория Байдукова (Қазақстан) - Рано Муратбаева (Өзбекстан) - 5:0.

57 келіге дейін. Ұлжан Сәрсенбек (Қазақстан) - Нантичачон Пронкланг (Таиланд) - 5:0.

60 келіге дейін. Мухлиса Тохирова (Өзбекстан) - Шахин Гилл (Үндістан) - 0:5.

63 келіге дейін. Равина (Үндістан) - Ситора Баходирова (Өзбекстан) - 5:0.

66 келіге дейін. Бақыт Сейдіш (Қазақстан) - Приянка (Үндістан) - 4:1.

70 келіге дейін. Гаухар Шайбекова (Қазақстан) - Азиза Зокирова (Өзбекстан) - 0:5.

75 келіге дейін. Аида Сәрібарова (Қазақстан) - Мускан (Үндістан) – RSC бірінші раундта.

81 келіге дейін. Камила Бажбенова (Қазақстан) - Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан) - 3:2.

81 келіден жоғары. Кирти (Үндістан) - Хасобат Хусанова (Өзбекстан) - 0:5.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport