Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында бірнеше алтын жүлде еншіледі
Бокстан Қазақстан жастар мен жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатының кезекті жарыс күні үш алтын жүлде еншіледі, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бокстан Қазақстан жастар мен жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатының кезекті жарыс күні үш алтын жүлде еншіледі, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
66 келіге дейінгі салмақта Бақыт Сейдеш Үндістаннан келген Приянкадан басым түсті. Отандасымыз бірінші раундта қарсыласына есе жібергенімен, жекпе-жек қорытынды бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетті.
70 келі салмақта Гаухар Сейдеш өзбекстандық Азиза Зокироваға ұпай саны бойынша ұтылды. Бірінші раундта басым түскеніне қарамастан, кездесу соңында төрешілер өз қызының қолын көтерді.
75 келіге дейінгілер арасында Аида Сабирова үндістандық Мусканды соққының астына алды. Нәтижесінде әділ-қазылар жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
81 келіде Камила Бажбенова өзбек былғары қолғап шебері Олтиной Сотимбоевадан үздік шықты.
Еске салайық, осыған дейін ұлттық құрама қоржынына 52 келіде Томирис Мырзақұл, 54 келі салмақта Виктория Байдукова және 57 келіде Ұлжан Сәрсенбек алтын медальды салған еді.
Жарнама