Қазақстандық боксшы WBC белбеуі үшін айқасады

©

Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Елшат Нығметолла (17-0-1, 5 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Инстаграмда спортшы 22 қыркүйекте Алматыда жұдырықтасатынын хабарлады. Ол Abat Promotions компаниясы ұйымдастыратын бокс кешінде WBC International Silver чемпиондық белбеуіне таласады. Қарсыласының есімі кейін белгілі болды.

Еске салайық, Елшат екі жыл үзілістен соң биыл көктемде рингке оралған. 12 наурызда Дубайда ол филиппиндік Джастин Дарапты (10-2, 6 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар