Бокс
Бүгін 00:27

Қазақстандық боксшы Ташкенттегі әлем кубогының жартылай финалына өтті

©KBF

Қазақстандық Карина Ибрагимова World Boxing ұйымы Ташкентте өткізіп жатқан бокстан Әлем кубогының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

57 келіге дейінгі салмақтағы Ибрагимова турнирдің алғашқы күнінде 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Қытай Тайбэйінің боксшысы У Ши Имен кездесті. Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің ортақ шешімімен таза жеңіске жетті - 5:0.


Айта кетейік, Карина - әлем чемпионаттарының жүлдегері, сондай-ақ 2024 жылғы Азия чемпионы.

Бұл - Әлем кубогындағы Қазақстан құрамасының алғашқы жеңісі. Бұған дейін ширек финалда 50 келіге дейінгі салмақта Даниял Сабит жеңіліп қалған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport