Қазақстан құрамасының боксшысы Әйгерим Сәттібаева Болгарияда өтіп жатқан "Странджа кубогінің" (кіші әлем чемпионаты) жартылай финалына жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында ол Украина боксшысы Ханна Охотаға 0:5 есебімен есе жіберді.
Осылайша, жартылай финалға жолдама алған Охота кем дегенде қола жүлдеге жетіп отыр.
Айта кетейік, Ханна Охота - 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ, 2018 және 2019 жылдардағы Еуропа чемпионаттарының қола жүлдегері.