Бокс
15 тамыз 2022 15:57
 

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов WBC рейтингінен шығып қалды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов WBC рейтингінен шығып қалды ©Eye Of The Tiger

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінен шығып қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінен шығып қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұған дейін орта салмақта өнер көрсететін Ахмедов 28-орында тұрған болатын. Бірақ қазақстандық боксшы өткен жылдың қаңтар айынан бері шаршы алаңға шықпағандықтан, оны рейтингтен шығарып тастады. 

Соңғы рет отандасымын нидерландылық Стивен Даньоға (20-5-3, 7 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті. Ол кездесуде Ахмедов NABF, WBC Francophone және WBA Continental белбеулерін жеңіп алған еді. 

Айта кетейік, бұл салмақта WBC белбеуінің иегері америкалық Джермалл Чарло. Рейтингте үздік үштікке Тони Харрисон (АҚШ), Тим Цзю (Аустралия) және Лиам Смит (Ұлыбритания) кіреді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!