auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстандық боксшы Римма Волосенко ислам дінін қабылдады

Қазақстандық боксшы Римма Волосенко ислам дінін қабылдады
©olympic.kz

60 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақстандық бұрымды боксшы Римма Волосенко ислам дінін қабылдады. Бұл жайында QAZAQ RING youtube арнасына берген сұхбатында өзі айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Әлем чемпионатынан кейін, болмаса әлем чемпионаты кезінде журналистердің бірі маған "қай дінге сенесіз?" деп сұрақ қойды. Бұл сұрақ жанкүйерлерді де қызықтырары анық.  Енді сол сұраққа тағы жауап берсем, мен мына нәрсені айтар едім. Құдай бәрімізге жалғыз. Жаратушы – жалғыз. Мен осыны білгім келіп, жеке жаттықтырушымнан: «Неге мені Ислам діні өзіне тартады?» - деп сұрағанымда ол: «Римма, бұл енді сенің жеке көзқарасың болу керек. Егер сен Ислам дінін қабылдағың келсе, мен ештеңе дей алмаймын. Сенің ата-анаң да, ешкім де ештеңе айта алмайды", - деді боксшы.

Боксшы қыз ислам діні жанына жақын екенін, тазалық сақтау мен ұстанымдары ұнайтынын айтады.  

"Жарыс кезінде, жарыс алдында Ислам діні маған жақын екенін сезінетінмін. Ислам діні мені өзінің тазалығымен тартты. Ішкі дүниеңдегі тазалық қана емес, таза жүру, әр нәрсені таза ұстау сияқты кәдімгі күнделікті өмірдегі тазалықты сақтау керек деген ұстанымымен ұнады. Маған дұға айту, дұға оқу, дәрет алу сияқты діндегі тазалану  түрі жақын екенін білдім. Сондықтан мен Лә иләһә илаллаһ Мұһаммәдүр расулуллаһ (Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед (с.а.с) Алланың елшісі) деп айтамын. Мен осылай жанкүйерлердің сұрақтарына жауап бергім келеді", – деді ол.

Римма Волосенко 1992 жылы Қостанай облысында туған. Жеке жаттықтырушысы – Берік Мыржықбаев. Боксшы мұнайлы елдер арасында өткен Әлем кубогының иегері, Азия чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Жақында Ханчжоуда (Қытай) өтетін Азия ойындарына ұлттық құрама сапында қатысады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама