Бокс
Кеше 20:09
 

Қазақстандық боксшы өзбекстандық чемпионмен жарақатына қарамай айқасты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшы өзбекстандық чемпионмен жарақатына қарамай айқасты ©KBF

Қазақстан құрамасының боксшысы Санатәлі Төлтаев IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан құрамасының боксшысы Санатәлі Төлтаев IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кезеңде оған 2024 жылғы Олимпиада чемпионы және әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, Өзбекстан боксшысы Асадхужа Муйдинхужаев қарсылас болды.

Алғашқы раундта-ақ төреші қазақстандық боксшының қабағының үсті жарылғандықтан жекпе-жекті уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Соған қарамастан, Төлтаев кездесуді жалғастырып, кезең 3:2 есебімен Муйдинхужаевтың пайдасына аяқталды.

Екінші үш минуттық кезең де өзбек боксшының басымдығымен өтіп, ол 4:1 есебімен алға шықты. Үшінші раундта төреші Санәтәлінің жаңа жарақатына байланысты жекпе-жекті тағы да тоқтатты. Соған қарамастан, Төлтаев кездесуді соңына дейін жеткізіп, жекпе-жек төрешілердің бөлек шешіммен Олимпиада чемпионының пайдасына аяқталды.

Осылайша, қазақстандық боксшы турнирден шығып қалды, ал Муйдинхужаев жартылай финалға өтіп, кепілді түрде жарыстың қола жүлдесіне жетіп отыр.

Санәтәлі Төлтаев — жастар арасындағы Азия чемпионы (2017), жастар арасындағы спорттық ойындарының жеңімпазы (2017), Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (2017), Қазақстан чемпионы (2018), ересектер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (2019). Кәсіпқой рингтегі рекорды: 4-1, 2 КО.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!