Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фарух Тохтасынов (3-0, 2 КО) Алматы қаласында өткен бокс кешінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақтағы алты раундқа жоспарланған жекпе-жекте оның қарсыласы өзбекстандық Шохрух Ашуров (3-16-1, 1 КО) болды. Алайда екінші раундтан кейін Ашуров жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты да, Тохтасынов техникалық нокаутпен жеңіске жетіп отыр.
Бұл жеңіс қазақстандық боксшының кәсіпқой карьерасындағы үшінші жеңісі және екінші нокауты. Ал Ашуров үшін бұл карьерасындағы 16-шы жеңіліс, ал жеңіс саны үшеу ғана және бір рет тең түсіпті.
Айта кетейік, Тохтасынов әуесқой бокстан Қазақстан ұлттық құрамасына өнер көрсетеді.
Кештің басты жекпе-жегінде екінші орта салмақтағы қазақстандық Али Ахмедов (23-2, 17 КО) пен танзаниялық Джозеф Майгвисий (14-4, 10 КО) арасындағы кездесу болмақ.