Бокс
Бүгін 10:14
 

Қазақстандық боксшы Олимпиаданың жартылай финалында өзбекстандықтан жеңілді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшы Олимпиаданың жартылай финалында өзбекстандықтан жеңілді ©ҚР ҰОК

Қазақстандық боксшы Марал Төлепберген Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалында жеңіліп қалды.

blog.share

Қазақстандық боксшы Марал Төлепберген Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалында жеңіліп қалды.

Бұрымды боксшымыз 54 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбекстандық Сабрина Чакомановамен кездесті.

Нәтижесінде өзбекстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен басым түсті.

Осылайша Марал Төлепберген Олимпиада ойындарын үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) мен Бибарыс Әшірбай (70 келі) ақтық сынға өткен еді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында бес жүлде бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) мен велошабандоз Әнел Тәшбай алтын медаль иеленсе, триатлоншы Рамазан Әйнегов пен таеквондошы Любовь Юн (63 келіден жоғары) қола жүлдеге қол жеткізген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!