1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 09:44
 

Қазақстандық боксшы нокдауннан тұрып жеңісті жұлып алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшы нокдауннан тұрып жеңісті жұлып алды ©

Қазақстандық боксшы Нурмагамед Юсупов Софияда (Болгария) өтіп жатқан халықаралық "Странджа кубогы - 2026" турнирінің 1/4 финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Нурмагамед Юсупов Софияда (Болгария) өтіп жатқан халықаралық "Странджа кубогы - 2026" турнирінің 1/4 финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда ол Уэльс боксшысы Коннор Уильямспен кездесті.

Алғашқы раунд валлиялық боксшының пайдасына шешілді - төрешілер 5:0 есебімен бірауыздан жеңісті Уильямсқа берді. Осы раундта Юсупов нокдаунға түсіп қалған еді. Екінші үш минуттықта қазақстандық қарымта қайтарып, 4:1 есебімен басым түсті.

Қорытындысында төрешілердің шешімімен жеңіс Юсуповқа берілді. Осылайша, ол турнирдің келесі кезеңіне өтті.

Бұған дейін "Странджа кубогы - 2026" аясында Бекзат Алдамжаров (50 кг) 1/8 финалда өзбекстандық Асильбек Жалиловқа есе жіберді. Фарух Тохтасынов (70 кг) 1/16 финалда аустриялық Арсен Чабиянды жеңді. Бағлан Кенжебек (55 кг) 1/16 финалда Ниджат Гусейновтен басым түсті. Тимур Қабдешов (55 кг) ирландиялық Пэтси Джойсты жарыс жолынан шығарды. Ал Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (77 кг) 1/16 финалда өзбекстандық Абдулазиз Журакуловты жеңген болатын.

Айта кетейік, "Странджа кубогы - 2026" турнирінде Қазақстан атынан 39 боксшы (19 ер және 20 әйел) өнер көрсетуде. Кейбір салмақ дәрежелерінде ел намысын бірден үш спортшы қорғап жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!