Бокс
Бүгін 10:18
 

Қазақстандық боксшы нокаутпен жеңістен кейін титулға айқасатын болды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшы нокаутпен жеңістен кейін титулға айқасатын болды ©Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Александр Ковригин (9-2, 7 KO) келесі жекпе-жегін 28 қарашада Филиппин астанасы Манилада өткізеді. Оның қарсыласы Танзания боксшысы Рамадан Масуд Идд (9-2, 2 KO) болады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Александр Ковригин (9-2, 7 KO) келесі жекпе-жегін 28 қарашада Филиппин астанасы Манилада өткізеді. Оның қарсыласы Танзания боксшысы Рамадан Масуд Идд (9-2, 2 KO) болады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ковригин WBF International белбеуі үшін жұдырықтасады

Алдағы жекпе-жекте жеңіл салмақтағы WBF International чемпионының белбеуі сарапқа салынады.

28 жастағы қазақстандық боксшы үшін бұл 2025 жылдың желтоқсанынан бергі алғашқы жекпе-жек болмақ. Сол кезде Ковригин Алматыда грузиялық Давид Нацвилишвилиді (4-8, 1 KO) нокаутпен жеңіп, қатарынан екі жеңілістен тұрған сәтсіз сериясын тоқтатқан еді.

Ковригиннің қарсыласы соңғы жекпе-жегінде нокаутпен жеңілген

Рамадан Масуд Идд соңғы рет 25 шілдеде Кенияның Найроби қаласында шаршы алаңға шықты. Сол кездесуде танзаниялық боксшы жергілікті спортшы Джаван Буйюден (8-0, 5 KO) нокаутпен жеңіліп қалған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!