Қазақстандық боксшы нокаутпен жеңілістің салдарын көрді

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (23-2, 17 КО) рейтингте түсіп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (23-2, 17 КО) рейтингте түсіп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы польшалық Мацей Сулецкиден (33-3, 13 КО) нокаутпен жеңілген еді.
Ахмедов пен Слуецки жекпе-жегі 28 ақпан Астанада өткен бокс кешінің басты айқасы болды. Бұл кездесуде Ахмедов оныншы раундта жеңілді. Польшалық боксшы қазақстандықты төрт рет құлатқан болатын.
Осылай, Сулецки суперорта дивизионда WBC Silver титулын жеңіп алды, ал Ахмедов карьерасында екінші рет жеңіліп отыр.
Жеңілістің салдары:
Бұл жеңілістен кейін қазақстандық BoxRec-тің екінші орта салмақ рейтингінде 29-орынан бірден 50-сатыға сырғыды.
Айта кету керек, Ахмедов Астанадағы бокс кешіне Америкадағы жекпе-жегінен бір ай өтпей жатып қатысқан болатын. Қаңтар ортасында ол америкалық Малколм Джонсты (17-5-1, 10 КО) екінші раундта нокатуқа түсірген еді.
Жарнама