Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (23-2, 17 KO) кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегі туралы құлақтандырды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтетін бокс кешінің басты айқасында қазақстандық боксшының қарсыласы - 26 жастағы танзаниялық Джозеф Майгвисия болмақ. Майгвисия кәсіпқой карьерасында 14 жеңіске жетіп (10 нокаут) және төрт рет жеңілген екен.
"Турнирдің басты жекпе-жегі бесінші қыркүйекте өтеді. Али Ахмедов кәсіпқой рингте 18 кездесу өткізген тәжірибелі қарсыласымен күш сынасады", – делінген әлеуметтік желілердегі хабарламада.
Еске салайық, 28 ақпанда Астанада өткен кейнігі кездесуінде Ахмедов польшалық Мацей Сулецкийден нокаутпен жеңілген болатын.