Қазақстандық боксшы нокаутпен біткен айқастан кейін мәлімдеме жасады
Қазақстандық бұрымды боксшы Ангелина Лукас (9-1, 5 КО) Таиланд астанасы Бангкокта өткен жекпе-жектегі жеңісінен кейін мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz.
Қазақстандық бұрымды боксшы Ангелина Лукас (9-1, 5 КО) Таиланд астанасы Бангкокта өткен жекпе-жектегі жеңісінен кейін мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz.
Бұл айқаста қазақстандық бкосшы үндістандық Мамта Сингхті (5-2, 2 КО) бесінеші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
"Бәріне Ассалаумағалейкум! Бүгін WBF және WIBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алдым. Бұл титулдар абсолют чемпион құрамына кіреді және әлемдегі беделділердің бірі. Бұл жеңісті сүйікті елім - Қазақстанға, бүкіл халқыма, ЦСКА мен ҚР қарулы күштеріне арнаймын! Өтйкені бізде қазір су тасқынына байланысты елімізде қиын жағдай болып тұр. Бәрі жақсы болып кетуін тілеймін! Мақсат - биыл әлемнің абсолют чемпионы атану, Алға, Қазақстан!", - деп жазыпты ол әлеуметтік желіде.
Жарнама