Бүгін, 6 ақпанда Қазақстан құрамасының боксшысы Панар Сейтханқызы Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite халықаралық турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
80 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Панар жарыс қожайыны - испаниялық Лючия Гулен Ортисті 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Тіпті екінші раундта қазақстандық бұрымды Ортисті нокдаунға түсірді.
Ал Қазақстанның тағы бір өкілі Гүзаль Садыкованың жолы болмады. 80 келіге дейінгі салмақта өткен жартылай финалда ол Үндістан боксшысы Наинаға 0:5 есебімен есе жіберіп, турнирді қола жүлдемен аяқтады.