Бокс
Бүгін 13:39

Қазақстандық боксшы мен әлем чемпионы АЧ алтыны үшін айқасты

©

Қазақстандық боксшы Бақыт Сейдіш Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

70 келіге дейінгі салмақтағы финалда оған жастар арасындағы әлем чемпионы әрі Әлем кубогының иегері – үндістандық Арундхати Чоудхари қарсы тұрды.

Алғашқы раунд Сейдіштің пайдасына шешілді – 3:2. Алайда қалған екі раундта үндістандық боксшы басымдық танытып, 5:0 және 4:1 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен Чоудхаридің пайдасына (4:1) аяқталды.

Айта кетейік, бүгін, 9 сәуірде тағы екі қазақстандық боксшы – Надежда Рябец (80 келіге дейін) пен Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) финалдық жекпе-жектерін өткізеді.

World Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатқан Азия чемпионаты 10 сәуірде аяқталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport