Қазақстандық боксшы қыздың қарсыласы екінші раундқа шықпады. Ал Балқыбекова жарысты аяқтады

©ҚБФ

Қазақстандық Алуа Балқыбекова Болгарияда өтіп жатқан "Странджа" мемориалы дәстүрлі турнирінің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

48 келіде өнер көрсететін Алуа ширек финалда украиналық Ханна Охотаға есе жіберді - 2:3

Ал 70 келі салмақтағы Валентина Хальзова жартылай финалға өтті. Бірінші раундта қазақстандық бұрымды ресейлік қарсыласы Дарима Сандаковадан басым түсті, ал екінші раундта ресейлік боксшы аяқ жарақатына байланысты рингке шықпады. 

Айта кетейік, бүгін рингке қыздар арасында соңғы болып Анастасия Баязитова (81 келі) шығады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport