Бүгін, 27 мамырда бокстан Азия чемпионатында әйелдер арасында жартылай финал жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан құрамасынан тоғыз бірдей боксшы финалға жолдама үшін айқасады: Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Владислава Кухта, Римма Волосенко, Милана Сафронова, Марина Вольнова, Фариза Шолтай және Ләззат Күнгейбаева.
Ал тағы бір қазақстандық боксшы қыз - Валентина Хальзова турнирді бірден финалдан бастайтынын айта кетейік.
Тікелей трансляция Қазақстан астанасының уақытымен 20:00-де басталады.
48 келі: Алуа Балқыбекова - Моника (Үндістан)
51: Назым Қызайбай - Надека Пушпакумари (Шри-Ланка)
54: Дина Жоламан - Сакши (Үндістан)
57: Владислава Кухта - Жайсмин (Үндістан)
60: Римма Волосенко - Симранжит Батх (Үндістан)
64: Милана Сафронова - Мохинабону Абдуллаева (Өзбекстан)
75: Марина Вольнова - Мавлуда Мовлонова (Өзбекстан)
81: Фариза Шолтай - Савети (Үндістан)
+81: Ләззат Күнгейбаева - Ханан Аль-Зеюди (БАӘ).