Казахстандық боксшы Аяжан Ермек 19 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды. Жарыс Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
57 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық жекпе-жекте Ермек вьетнамдық Тхи Тхом Вумен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бұл жетістік арқылы қазақстандық боксшы алтынға таласуға мүмкіндік алды, ал қарсыласы құрлықтық турнирдің қола жүлдегері атанды.
Бұл Қазақстан үшін 8 тамыз күнгі жартылай финал кезеңіндегі алғашқы жеңіс болды. Бұған дейін 51 келі салмақта Айым Тәңкібаева және 54 келіде Жанел Имантаева қытай боксшыларынан жеңілген болатын.