Қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова "Странджа кубогі"-2026 турнирінің 1/4 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/8 финалда 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шекербекованың қарсыласы болгариялық Тала Хаббас болды. Жекпе-жектің үш раунды да қазақстандық спортшының айқын басымдығымен өтіп, төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті тіркеді. Қорытынды үш минуттық кезеңде болгариялық боксшы нокдаунға түсті.
"Странджа кубогі"-2026 турнирінде Қазақстан намысын 39 боксшы қорғап жатыр — 19 ер, және 20 бұрымды. Кейбір салмақ дәрежелерінде ел атынан бірден бірнеше спортшы сынға түсуде.