Қазақстандық боксшы Лаура Есенкелді София қаласында (Болгария) өтіп жатқан "Странджа кубогі"-2026 халықаралық турниріндегі алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Дебюттік айқаста оған америкалық Мэри-Энджелис Росендо қарсы тұрды. 65 келіге дейінгі салмақта өткен кездесуде төрешілердің ортақ шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.
Осылайша, Есенкелді турнирді сенімді жеңіспен бастап, келесі кезеңге жолдама алды.