Алматыда өткен бокс кешінің басты айқасында екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Али Ахмедовтің (25-2, 17 KO) ганалық Делали Миледзимен (29-2, 22 KO) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Он раундқа есептелген жекпе-жек толық өтіп, оның қорытындысы бойынша Ахмедов төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Қазақстандық боксшы үшін бұл жеңіс кәсіпқой карьерасында жиырма бесінші болды, сонымен қатар, оның екі жеңілісі бар. Миледзи болса екінші рет жеңіліп отыр, одан бөлек ол 29 жеңіске жеткен және жиырма екісі нокаутпен.
Кештің андеркардында тағы бір қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев (21-1, 12 KO) өзбекстандық Абдулло Кучкаровты (6-1, 5 KO) мерзімінен бұрын жеңді. Екінші раундтан кейін қарсылас жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.