Қазақстандық боксшы Милана Сафронова (1-0) кәсіби мансабындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
34 жастағы Сафронованың қарсыласы 40 жастағы түркиялық Гүлсүм Татар (4-2, 2 КО) болды. Жекпе-жек Түркияның Ыстамбұл қаласындағы IBA.PRO 7 турнирі аясында өтіп, қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Төрешілер жеңісті бірауыздан Миланаға боксшыға берді.
Айта кетейік, бесінші раундта Сафронова қарсыласн нокдаунға түсірді.
Еске салайық, Милана Сафронова 2024 жылы желтоқсанда Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында қола алған еді. Ал 2021 жылғы құрлықтық біріншілікте алтын жүлдеге ие болған. Сонымен қатар, 2018, 2019 және 2020 жылдары Сафронова Қазақстан чемпионы атанған.
2019 жылы ол Улан-Удэде өткен әлем чемпионаты мен Бангкоктағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған.
Жарнама