Қазақстандық боксшы Илья Калинин "Странджа кубогі"-2026 турнирінің 1/8 финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/16 финалда 65 келіге дейінгі салмақта Калининнің қарсыласы Заур Гахраманов (Әзірбайжан) болды.
Қазақстандық боксшы қарсыласынан төрешілердің бөлек шешімімен басым түсті.
Бұған дейінгі нәтижелер:
51 келіге дейінгі салмақта Жәзира Орақбаева алжирлік Фатиха Мансуриді жеңіп, 1/8 финалға өтті. Осы салмақта Анита Адишева ирландиялық Кейтлин Фрайерске есе жіберіп, жарысты аяқтады.
54 келі салмақта Жайна Шекербекова болгариялық Тала Хаббасты жеңді. Бұл салмақта Әнел Сақыш моңғолиялық Энхжаргал Мунгунцэцэгті айқын басымдықпен ұтты. Сондай-ақ, Элина Базарова аустриялық Моник Сурачиді төрешілер шешімімен жеңіп, қарсыласын нокдаунға түсірді және келесі кезеңге өтті.
70 келіге дейінгі салмақта Мадина Нұршаева түркиялық Дилара Сакты жеңіп, 1/4 финалға шықты.
55 келіде Бағлан Кенжебек өзбекстандық Абдулазиз Абдуназаровтан басым түсті. Ал осы салмақта Тимур Кабдешов америкалық Лоренцо Патрициоға төрешілердің аралас шешімімен 1:4 есебімен жол беріп, турнирмен қоштасты.
65 келіде Әбдікәрім Әбдіғалым өзбекстандық Абдуллох Мадаминовқа төрешілердің ортақ шешімімен есе жіберді - 0:5.
85 келіге дейінгі салмақта Сұлтанбек Айбарұлы грузиялық Саба Квиникадзені 5:0 есебімен жеңіп, 1/4 финалға жолдама алды.