Бокс
1 тамыз 14:01

Қазақстандық боксшы қарсыласын үшінші раундта нокдаунға түсірді

©ҚБФ

Қазақстандық Аяжан Ермек Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан 19 және 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

57 келіге дейінгі салмақта ол жапониялық Сакура Окаямамен жұдырықтасты. Екі спортшы да 19 жасқа дейінгі санатта өнер көрсетеді.

Бірінші раундта қазақстандық боксшы айқын басымдық көрсетті - төрешілердің бәрі жеңісті қазақстандыққа берді. Екінші раундта да Аяжан сенімді өнер көрсетті - 4:1 есебімен басым болды. Соңғы үш минуттық кезеңде жапониялық боксшы нокдаунға түсті. Осылай, Аяжан бұл айқаста төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.

Еске салайық, бұған дейін Диана Серікбаева (48 кг) кореялық Ын Джи Кимді техникалық нокаутпен жеңген болатын, Айым Таіқыбаева (51 кг) вьетнамдық Ти Хо Чанды төрешілер шешіммен жеңсе, Жанел Имантаева (54 кг) өзбекстандық Муслима Тургуновадан бөлек шешіммен басым болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport