Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымдастыруымен өтіп жатқан U-19 әлем чемпионатының сегізінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан құрамасынан алғашқы болып Жадыра Қалтай рингке шықты. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/8 финалда ол АҚШ боксшысы Сиана Нонзфаламен кездесіп, 0:4 есебімен жеңіліп қалды. Айта кетейік, екінші раундта қос боксшы да нокдаунға түсті.