1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Кеше 14:56
 

Қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсіргенімен жеңіске жете алмады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсіргенімен жеңіске жете алмады ©Depositphotos

Қазақстандық боксшы Жасмин Абрамян Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Futures Cup U-19 турнирінің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Жасмин Абрамян Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Futures Cup U-19 турнирінің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында оның қарсыласы нидерландтық Лиз Тийсен болды.

Алғашқы раундта Нидерланды боксшысы екі рет нокдаунға түсті. Алайда Абрамянның өзіне де төреші нокдаун санады. Бірінші үш минуттық кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен 3:2 есебімен алда тұрған еді.

Екінші раундта басымдық Тийсен жағына ауысып, ол кезеңді 3:2 есебімен өз пайдасына шешті. Ал шешуші раундтың басында Абрамян тағы да нокдаунға түсті. Бұл раунд нидерландтық боксшының пайдасына 5:0 есебімен аяқталды.

Осылайша, жекпе-жектің жалпы қорытындысы бойынша Лиз Тийсен төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті - 4:1.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!