Бокс
30 мамыр 2021 22:25

Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокдаунға жіберіп, Азия чемпионы атанды

Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Римма Волосенко Индонезиялық Хусватун Хасанға қарсы кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Волосенко финалдық бәсекені бірінші раундта аяқтады. Ол қарсыласын нокдаунға жіберіп, ізін ала жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.