Бокс
Кеше 09:11

Қазақстандық боксшы қарсыласын әбден сабап есеңгіретіп тастады

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Нұрзат Оңғаров Испанияда өтіп жатқан Boxam Elite–2026 турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде оның қарсыласы канадалық Рок Иссайя болды. Алғашқы үш минутта Нұрзат айқын басымдық танытып, қарсыласын 5:0 есебімен тас-талқан етті.

Екінші раунд та дәл осындай есеппен қазақстандық боксшының пайдасына шешілді. Ал шешуші үшінші раундта Оңғаров қарқынын бәсеңдетпей, Иссайяға жекпе-жектің барысын өзгертуге мүмкіндік бермей, тіпті оны нокдаунға түсірді. Нәтижесінде Нұрзат Оңғаров сенімді жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін турнир аясында Рахмина Абдумежеитова испаниялық Ноэлия Сальмерон Гутьерреске жол берсе, Азиза Исина үндістандық Чордари Андуиатиден жеңілген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport