Қазақстандық боксшы "Канелоның" қарсыласы атануы мүмкін

©Турар Казангапов

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар арасындағы тағы бір әлем чемпионы шығуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Али Ахмедов алдағы айқасында франциялық боксшы Кристиан М’Биллиді (22-0, 20 КО) жеңетін болса, WBC чемпионының міндетті қарсыласы атанады. 

Ал қазіргі уақытта екінші орта салмақтағы WBC белбеуінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО). Оның алдағы қарсыласы америкалық Давид Бенавидес пен Калеб Плант арасындағы кездесуде анықталады. Кейін осы кездесудің жеңімпазы Ахмедов - М’Билли айқасында жеңіске жеткен боксшымен жолығады. 

27 жастағы М’Билли соңғы кездесуін қыркүйек айында өткізіп, америкалық Деандре Уэрден (15-4-2, 9 КО) айласын асырды. Осы кездесуде франциялық WBA International және WBC Continental Americas белбеулерін иеленді. 

Ахмедов те соңғы кездесуін қыркүйек айында өткізді. Ол төрешілер шешімі бойынша Габриэль Росадодан үстем түсіп, IBF North America және WBC Silver белбеулерін жеңіп алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport