Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) чемпиондық жекпе-жекке дайындығын жалғастыруда, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Ербосынұлы екінші орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) бірге дайындалуда. Отандасымыз мексикалықтың спарринг-қарсыласы болып жүр.
Айдос Саульге жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Биволға (19-0, 11 КО) қарсы өтетін кездесуге дайындалуға көмектесуде. Бұл жекпе-жек 7 мамыр күні Лас-Вегас қаласында болады.
Ал Ербосынұлының өзі екінші орта салмақта WBA белбеуінің уақытша чепионы кубалық Давид Моррелге (6-0, 5 КО) қарсы айқасқа дайындалуда.