Бокс
22 наурыз 2022 10:44
 

Қазақстандық боксшы "Канеломен" қалай дайындалып жатқанын көрсетті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшы "Канеломен" қалай дайындалып жатқанын көрсетті ©instagram.com/yerbossynuly_aido

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) чемпиондық жекпе-жекке дайындығын жалғастыруда, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) чемпиондық жекпе-жекке дайындығын жалғастыруда, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ербосынұлы екінші орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альвареспен  (57-1-2, 39 КО) бірге дайындалуда. Отандасымыз мексикалықтың спарринг-қарсыласы болып жүр. 

Айдос Саульге жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Биволға (19-0, 11 КО) қарсы өтетін кездесуге дайындалуға көмектесуде. Бұл жекпе-жек 7 мамыр күні Лас-Вегас қаласында болады. 

Ал Ербосынұлының өзі екінші орта салмақта WBA белбеуінің уақытша чепионы кубалық Давид Моррелге (6-0, 5 КО) қарсы айқасқа дайындалуда. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!