Қазақстандық боксшы жеті күндегі екінші айқастан кейін мәлімдеме жасады

Қазақстандық Ангелина Лукас Түркияда өткен бокс кешінде венесуэлалық Джоана Зунигамен жекпе-жекке шықты, деп жазады Vesti.kz.
Қазақстандық Ангелина Лукас Түркияда өткен бокс кешінде венесуэлалық Джоана Зунигамен жекпе-жекке шықты, деп жазады Vesti.kz.
Лукас сегіз раунд қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Бұл Ангелинаның кәсіпқойдағы 13-ші жеңісі болды, одан бөлек ол карьерасында бір рет жеңілген. Ал кәсіпқойда 18 жеңіске жеткен Зунига тоғызыншы рет жеңіліп отыр.
"Латын Америка боксшысына қарсы жекпе-жектегі жеңісімді сүйікті еліме арнаймын! Отбасыма және әрбір жанкүйеріме! Қарсыласыма жақсылап сабақ бердім деп ойлаймын. Менің жолым ауыр, сынға толы соқпақты жол, бірақ, жеңістің тәтті дәмі, қиындықтарға қарамастан, бәрін шайып жібереді", - дейді Лукас айқастан кейін.
Балауса Луксты нокаутқа түсіретініне 50 мың доллар бәс тікті
Жарнама