Қазақстандық боксшы жекпе-жек аяқталарға 30 секунда қалғанда есінен танып қалды

Александр Журавский (сол жақта). Сурет: Univente Boxe

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Александр Журавский Беларусь астанасы Минскте өткен бокс кешінде жеңіліп қалды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

35 жастағы Журавский 21 жастағы ресейлік Артем Оганесянмен жұдырықтасты. Он раундқа есептелген жекпе-жектің аяқталуына 30 секунд қалғанда Оганесян қазақстандық боксшыны есінен тандырды. Осылайша, ресейлік боксшы он екінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, оның онын нокаутпен аяқтап отыр. 
 

 

Ал Журавский осымен қатарынан алтыншы рет жеңіліп отыр. Сонымен қоса, қазақстандық 13 рет жеңіске жеткен (11 нокаут) және бір рет тең түскен.