Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Александр Журавский Беларусь астанасы Минскте өткен бокс кешінде жеңіліп қалды,- деп хабарлайды Vesti.kz.
35 жастағы Журавский 21 жастағы ресейлік Артем Оганесянмен жұдырықтасты. Он раундқа есептелген жекпе-жектің аяқталуына 30 секунд қалғанда Оганесян қазақстандық боксшыны есінен тандырды. Осылайша, ресейлік боксшы он екінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, оның онын нокаутпен аяқтап отыр.
Ал Журавский осымен қатарынан алтыншы рет жеңіліп отыр. Сонымен қоса, қазақстандық 13 рет жеңіске жеткен (11 нокаут) және бір рет тең түскен.