Бокс
Кеше 22:33

Қазақстандық боксшы Испаниядағы турнирдің алтынына айқасады

©

Қазақстан құрамасының боксшысы Назерке Серік Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite халықаралық турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Назерке Үндістан бокс Пранжал Ядавпен кездесіп, тартысты жекпе-жекте 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол алтын үшін жұдырықтасу құқығына ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін тағы бір қазақстандық боксшы Елянур Турганова финалға өте алмай, турнирді қола жүлдемен аяқтаған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport