Қазақстандық боксшы Азамат Бектас Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда қазақстандық боксшы украиналық Джамал Кулиевпен кездесті.
Алғашқы раундта украиналық айқын басымдық танытып, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Екінші раундта Бектас өз ойынын тауып, 3:2 нәтижесімен басым түсті. Үшінші раундта да төрешілер қазақстандық боксшыға артықшылық берді — 4:1.
Нәтижесінде жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен Азамат Бектастың пайдасына аяқталды — 3:2 (28:29, 29:28, 27:30, 29:28, 29:28).
Ширек финалда қазақстандық боксшы канадалық Умар Каркамомен жұдырықтасады.