Қазақстандық боксшы Даниал Шалқарбай Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Futures Cup U-19 халықаралық турнирінің ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында ол украиналық Ростислав Хородинскийпен кездесіп, 1:4 есебімен жеңіліп қалды.
Жекпе-жектің алғашқы раунды қазақстандықтың пайдасына шешілген еді. Алайда кейінгі екі раундта Хородинский басымдық танытып, камбэк жасай алды және турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды. Сонымен қатар, екінші раундта Шалқарбай нокдаунға түсіп қалды.
Айта кетейік, 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Futures Cup U-19 турнирі биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Қазақстан құрамасы бұл жарысқа 19 спортшыны жіберді.
Турнир 15 наурызға дейін жалғасады.
Жарнама