Бокс
Бүгін 09:48

Қазақстандық боксшы Еуропаның вице-чемпионын жеңіп жүлдеге жетті

©

Қазақстандық боксшы Лаура Есенкелді Болгарияда өтіп жатқан "Странджа кубогі" турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында ол румыниялық Андра Кринута Себені 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша, Есенкелді жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола жүлдеге жетіп отыр. Айта кетейік, оның қарсыласы 23 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport