Қазақстандық бұрымды боксшы Ангелина Лукас (9-1, 5 КО) екі титул үшін жекпе-жектегі кейінгі жеңісінен кейін әлемдік рейтингтің топ-10 тізіміне кірді, деп жазады Vesti.kz.
25 сәуір Бангкокта Лукас үндістандық Мамта Сингхпен (5-2, 2 КО) жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы бұл айқаста қарсыласын бесінші раундта жеңіп, екінші өте жеңіл салмақта WIBF және WBF титулдарын жеңіп алды.
Бұл жетістік арқасында Лукас BoxRec рейтингінде екі саты жоғарылап, қазір оныншы орынға жайғасты.