Бокс
31 қазан 09:31

Қазақстандық боксшы екі нокдауннан кейін қарсыласын нокаутпен жеңді

©ҚБФ

Қазақстандық бұрымды боксшы Бағжан Отынбай Будвада өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына өтті. 

52 келіге дейінгі салмақтың ширек финалдық айқасында ол мексикалық Валентина Муньос Ревелеспен жұдырықтасты.

Бірінші раундта Бағжан анық басымдықпен жеңді - 5:0.

Ал екіншісінде мексикалық боксшы қыз Бағжанды екі рет нокдаунға түсірді. Алайда қазақ қызы да қарсыласын екі рет есеңгіретті. 

Соңғы раундта Ревелес үшінші рет нокдаунға түсті де, төреші жекпе-жекті тоқтаттты. Осылай қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport