Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Алтынбек Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан дәстүрлі халықаралық Thailand Open-2025 турнирінде финалға шығу үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда ол ринг қожайыны, 2018 жылғы Жасөспірімдер Олимпиадасының финалисі Саравут Сукхетпен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жекпе-жекті бөлек шешіммен (1:4) тай боксшысының пайдасына шешті.
Осылайша, Сукхет финалға шығып, онда өзбекстандық Фарезбек Дусматовпен кездеседі. Айта кетейік, ол екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтың туған інісі.
Тағы бір қазақстандық Данияр Рахымбердиев 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда 2022 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, қытайлық Хань Сюэчжэнмен жұдырықтасып, төрешілердің ортақ шешімімен (0:5) жеңіліп қалды.
Осылайша, Алтынбек пен Рахымбердиев турнирді қола жүлдемен аяқтады.
Thailand Open-2025 турнирі 1 маусымда аяқталады.