Бокс
Кеше 22:56

Қазақстандық боксшы допинге қарсы ережені бұзып жазаға тартылды

©ҚР ҰОК

Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) Халықаралық бокс ассоциациясының (IBA) атынан қазақстандық боксшы Дулат Бекбауовтың антидопинг ережелерін (ADRV) бұзғаны үшін екі жылға жарыстардан шеттелгенін жария етті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шешім 2025 жылдың 18 қарашасынан бастап 2027 жылдың 17 қарашасына дейін күшінде болады. Сонымен қатар, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап спортшының барлық жеке нәтижелері жойылады.

Дисквалификацияның себебі

IBA антидопинг ережелерінің 2.4-бабына сәйкес, Бекбауов 12 ай ішінде қайда тұрып жатқаны туралы ақпарат беру талаптарын үш рет бұзған. Спортшы деректі жоққа шығармады.

Апелляция мүмкіндігі

 IBA ADR ережелерінің 13.2.3-бабы бойынша ITA шешіміне CAS апелляциялық бөлімінде шағым түсіруге болады.

Халықаралық тестілеу агенттігі бұл іске қатысты ары қарай ешқандай мәләмет бермейді.

Бекбауов Қазақстан құрамасының сапында халықаралық әуесқой турнирлерге қатысқан. Азия чемпионаттарының (2022) және әлем чемпионатының (2023) күміс жүлдегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport